"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 16 қарашадағы №17-07/289 ұсынысы негізінде, Ақтүйесай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округінің Күзексай ауылының аумағында белгіленген ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 26 маусымдағы №12 (2020 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6402 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтүесай ауылдық округінің әкімі | М. Нургазин |