Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ "Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 466-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 4720 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XLVI сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ "Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларын, абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4092 болып тіркелген, 2018 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларында:

      3-тармақтың 18) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "18) өтемдік отырғызу жоспары - отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;";

      3-параграф. 28-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "28. Ағаштарды кесу кезінде ағаштарды өтемдік отырғызу ағаш көшеттерін отырғызу жолымен жүргізіледі.";

      3-параграф. 29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "29. Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу он есе көлемде жүргізіледі.";

      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жалпыға ортақ жерлерде жүзеге асырады.

      Заңды және жеке тұлғалар ағаштардың өтемдік отырғызу жұмыстарын аяқтаған соң ағаштарды кесуге рұқсат алу кезінде берілген кепілдік хатқа сәйкес уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы хабардар етеді.

      Екі жыл уақыт өткен соң уәкілетті орган ұласып өскен ағаштарды жасыл екпелер тізіліміне енгізеді.";

      келесі мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын:

      "33. Осы Қағидалардың негізінде жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын елді мекеннің табиғаттық, климаттық, геологиялық, гидрогеологиялық және сейсмикалық факторларына байланысты жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелермен толықтыруы мүмкін.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Абдолов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Габдуллин
      Мәслихат хатшысы У. Зинуллин

О внесении изменений и дополнения в решение Атырауского областного маслихата от 16 марта 2018 года № 199-VІ "Об утверждении правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Атырауской области"

Решение Атырауского областного маслихата от 24 августа 2020 года № 466-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 8 сентября 2020 года № 4720

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актов", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 235 "Об утверждении Типовых правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов и Правил оказании государственной услуги "Выдача разрешения на вырубку деревьев" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10886) Атырауский областной маслихат VІ созыва на очередной ХLVI сессии РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Атырауского областного маслихата от 16 марта 2018 года № 199-VІ "Об утверждении правил содержания и защиты зеленых насаждений, правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Атырауской области" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4092, опубликовано 13 апреля 2018 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнение:

      в Типовых правилах содержания и защиты зеленых насаждений территорий городов и населенных пунктов Атырауской области, утвержденных указанным решением:

      подпункт 18) пункта 3 изложить в новой редакции:

      "18) план компенсационной посадки – план посадки деревьев, которые подверглись вырубке, включающий в себя количественную часть, породный состав, объем, календарные сроки посадки, а также графическую схему размещения посадок с привязкой к плановой основе;";

      параграф 3 пункта 28 изложить в новой редакции:

      "28. При вырубке деревьев компенсационная посадка деревьев, производится путем посадки саженцев деревьев.";

      пункт 29 изложить в новой редакции:

      "29. При вырубке деревьев по разрешению уполномоченного органа компенсационная посадка восстанавливаемых деревьев производится в десятикратном размере.";

      пункт 31 изложить в новой редакции:

      "31. Компенсационная посадка деревьев производиться физическими и юридическими лицами на собственной или прилегающей территориях самостоятельно, а при вынужденной вырубке деревьев на землях общего пользования с привлечением организации, осуществляющей озеленение, уход и содержание зеленых насаждений.

      После завершения работ по компенсационной посадке деревьев в соответствии с гарантийным письмом, данным для получения разрешения на вырубку деревьев физические и юридические лица информируют уполномоченный орган об исполнении работ согласно плану компенсационной посадки.

      По истечении двух лет, уполномоченным органом прижившиеся деревья включаются в реестр зеленых насаждений.";

      дополнить пунктом 33 следующего содержания:

      "33. Правила содержания и защиты зеленых насаждений, разрабатываемые местными исполнительными органами на основании настоящих Правил в зависимости от природных, климатических, геологических, гидрогеологических и сейсмических факторов населенного пункта могут быть дополнены местными исполнительными органами иными положениями, не противоречащими действующему законодательству Республики Казахстан.".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на председателя постоянной комиссии по вопросам соблюдения законности, депутатской этики и правовой защиты Атырауского областного маслихата А. Абдолова.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Габдуллин
      Секретарь маслихата У. Зинуллин