"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020-2021 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Атырау облысы Білім беру басқармасы" және "Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Қ. Хаменоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | М. Досмухамбетов |
Атырау облысы әкімідігінің 2020 жылғы 18 қыркүйегі № 172 қаулысына қосымша |
2020-2021 оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с | Мамандықтар коды | Мамандық атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | оның ішінде базасында | Бір білім алушыны оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | |
күндізгі оқыту | 9 сынып | 11 сынып | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | 0101000 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқу | 120 | 85 | 35 | 319 200,00 |
2. | 0103000 | Дене тәрбиесі және спорт | 70 | 35 | 35 | 319 200,00 |
3. | 0105000 | Бастауыш білім беру | 125 | 110 | 15 | 319 200,00 |
4. | 0108000 | Музыкалық білім беру | 15 | 15 | - | 319 200,00 |
5. | 0111000 | Негізгі орта білім беру | 80 | 65 | 15 | 319 200,00 |
6. | 0301000 | Емдеу ісі | 50 | - | 50 | 357 264,00 - 401 735,00 |
7. | 0302000 | Медбикелік іс | 125 | - | 125 | 357 264,00 - 401 735,00 |
8. | 0305000 | Лабораториялық диагностика | 25 | - | 25 | 357 264,00 |
9. | 0404000 | Аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы (түрлері бойынша) | 33 | 33 | - | 1 286 133,00 |
10. | 0405000 | Хор дирижеры | 12 | 12 | - | 1 286 133,00 |
11. | 0406000 | Музыка теориясы | 2 | 2 | - | 1 286 133,00 |
12. | 0407000 | Ән салу | 8 | 8 | - | 1 286 133,00 |
13. | 0506000 | Шаштараз өнері және сәндік косметика | 40 | 25 | 15 | 357 264,00 - 401 735,00 |
14. | 0507000 | Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру | 25 | 25 | - | 325 056,00 |
15. | 0508000 | Тамақтандыруды ұйымдастыру | 175 | 160 | 15 | 357 264,00 - 401 735,00 |
16. | 0518000 | Есеп және аудит (салалар бойынша) | 20 | - | 20 | 325 056,00 -369 526,00 |
17. | 0713000 | Геодезия және картография | 25 | 25 | - | 357 264,00 - 401 735,00 |
18. | 0801000 | Мұнай мен газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы (бейін бойынша) | 25 | 25 | - | 357 264,00 - 401 735,00 |
19. | 0807000 | Мұнай мен газ кәсіпшіліктерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | 25 | 25 | - | 357 264,00 - 401 735,00 |
20. | 0809000 | Мұнай және газ кен орындарын пайдалану (бейін бойынша) | 70 | 70 | - | 357 264,00 - 401 735,00 |
21. | 0810000 | Мұнай-газ құбырларын, мұнай-газ қоймалары мен жанармай құю станцияларын салу және пайдалану | 20 | 20 | - | 357 264,00 - 401 735,00 |
22. | 0816000 | Химиялық технология және өндіріс (түрлері бойынша) | 25 | 25 | - | 357 264,00 - 401 735,00 |
23. | 0819000 | Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы | 15 | 15 | - | 357 264,00 - 401 735,00 |
24. | 0901000 | Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары (түрлері бойынша) | 65 | 65 | - | 357 264,00 - 401 735,00 |
25. | 0902000 | Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) | 175 | 150 | 25 | 357 264,00 - 401 735,00 |
26. | 0907000 | Жылу-техникалық жабдық және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша) | 15 | 15 | - | 357 264,00 - 401 735,00 |
27. | 0911000 | Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) | 40 | 40 | - | 357 264,00 - 401 735,00 |
28. | 1013000 | Механикалық өңдеу, өлшеу-бақылау құралдары және өндірістегі автоматика | 70 | 70 | - | 357 264,00 - 401 735,00 |
29. | 1114000 | Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 240 | 150 | 90 | 357 264,00 - 401 735,00 |
30. | 1201000 | Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 245 | 200 | 45 | 357 264,00 - 401 735,00 |
31. | 1202000 | Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару (салалар бойынша) | 10 | 10 | - | 357 264,00 - 401 735,00 |
32. | 1203000 | Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 75 | 60 | 15 | 357 264,00 - 401 735,00 |
33. | 1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 90 | 60 | 30 | 325 056,00 - 369 526,00 |
34. | 1219000 | Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі | 50 | 25 | 25 | 325 056,00 - 369 526,00 |
35. | 1302000 | Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) | 40 | 40 | - | 325 056,00 - 369 526,00 |
36. | 1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 105 | 105 | - | 325 056,00 - 369 526,00 |
37. | 1306000 | Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) | 20 | - | 20 | 325 056,00 - 369 526,00 |
38. | 1401000 | Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану | 165 | 80 | 85 | 357 264,00 - 401 735,00 |
39. | 1402000 | Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану (түрлері бойынша) | 95 | - | 95 | 357 264,00 - 401 735,00 |
40. | 1403000 | Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша) | 45 | 25 | 20 | 357 264,00 - 401 735,00 |
41. | 1406000 | Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау | 25 | - | 25 | 357 264,00 |
42. | 1410000 | Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы | 15 | - | 15 | 357 264,00 |
43. | 1412000 | Құрылыс бұйымдары мен құрастырылымдар өндірісі | 15 | - | 15 | 357 264,00 - 401 735,00 |
44. | 1501000 | Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу | 70 | 70 | - | 357 264,00 |
45. | 1502000 | Агрономия | 20 | 20 | - | 357 264,00 - 401 735,00 |
46. | 1504000 | Фермер шаруашылығы (бейін бойынша) | 80 | 80 | - | 325 056,00 - 369 526,00 |
47. | 1505000 | Балық шаруашылығы (түрлері бойынша) | 15 | 15 | - | 325 056,00 |
48. | 1513000 | Ветеринария | 45 | 25 | 20 | 325 056,00 - 369 526,00 |
49. | 1516000 | Өрт қауіпсіздігі | 25 | 25 | - | 325 056,00 - 369 526,00 |
50. | 1517000 | Төтенше жағдайда қорғау (бейін бойынша) | 65 | 65 | - | 325 056,00 - 369 526,00 |
Барлығы | 3050 | 2175 | 875 |