"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атырау қаласында 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы мен ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары У. Тналиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау қаласының әкімі | К. Уразбаев |
Атырау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірі № 911 қаулысына қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Елді мекен атауы | Бір айда бір тәрбиеленушіні жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) | ||||
ауылдық жердегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін | қалалық жердегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін | түзету топтары үшін | туберкулезбен уланған балаларға арналған топтар үшін | |||
Атырау қаласы | 39 908,27 | 37 247,99 | 59 506,98 | 50 945,85 | ||
Ата-ана төлемақысының мөлшері | ||||||
№ | Елді мекен атауы | Ата-ананың бір тәрбиеленушіге күніне ақы төлеу мөлшері, (теңге) | ||||
3 жасқа дейін | 3-тен 7 жасқа дейін | |||||
Атырау қаласы | 400 | 500 |