Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 28.09.2021 № 9-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, 2020 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-22 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2823 болып тіркелген, 2014 жылы 16 қаңтарда "Кең Жылой" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасының 1 тармағындағы:
1) тармақшадағы "300 000" деген сандары "1 000 000" деген сандарымен ауыстырылсын;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес 8) тармақшамен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылыой аудандық мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, гендерлік саясат және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х. Жамалов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | М. Бегайсова |
Мәслихат хатшысы | М. Кенганов |
Жылыой аудандық мәслихаты 2020 жылғы 30 сәуірі № 45-1 шешіміне қосымша | |
Жылыой аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 17-22 шешіміне № 2 қосымша |
Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері
№ | Әлеуметтік көмек алушылардың санаттары | Атаулы күндер мен мереке күндері | Әлеуметтік көмектің мөлшері, теңге |
8) "1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар" | Жеңіс күні | 30 000 |