Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139–бабының 9–тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Исатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 303-VI "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4653 санымен тіркелген, 2020 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбында және 1 тармағында "ветеринария" сөзі алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау Исатай аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Рахметов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Жиенгазиев |
Мәслихат хатшысы | Н. Муханбеталиев |