"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Индербор кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Индер ауданы Индербор кентіндегі:
1) Жаңа шағын ауданға – "Елорда" атауы;
2) №2 өткелге – "Шалқыма" атауы;
3) №3 өткелге – "Шапағат" атауы;
4) №4 өткелге – "Жерұйық" атауы;
5) №5 өткелге – "Жайық" атауы;
6) №6 өткелге – "Арна" атауы;
7) №8 өткелге – "Ойыл" атауы;
8) №9 өткелге – "Тұмарлы" атауы;
9) "Болашақ" шағын ауданындағы №5 көшеге – "Халел Досмұхамедұлы" есімі;
10) "Шығыс" шағын ауданындағы №10 көшеге – "Ақкент" атауы;
11) "Шығыс" шағын ауданындағы №6 көшеге – "Фариза Оңғарсынова" есімі;
12) "Шығыс" шағын ауданындағы №7 көшеге – "Рақымжан Қошқарбаев" есімі;
13) "Болашақ" шағын ауданындағы №11 көшеге – "Ақдала" атауы;
14) "Болашақ" шағын ауданындағы №12 көшеге – "Баянды" атауы;
15) "Болашақ" шағын ауданындағы №13 көшеге – "Ақтүбек" атауы;
16) "Болашақ" шағын ауданындағы №1 А көшеге – "Арай" атауы;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | А. Аймуратов |