Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Қабдолов) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысының уақытша міндетін атқарушы |
Ж. Тажибаев |