"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 4 тармағына және VІ шақырылған Құрманғазы аудандық мәслихаттың LIX сессиясының 2020 жылғы 25 тамыздағы № 535-VІ "Құрманғазы ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар ауданішілік тұрақты тасымалдау тарифтерімен келісу туралы" шешіміне сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құрманғазы ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты ауданішілік тасымалдау тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Хасановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Нуртаев |
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 355 қаулысына қосымша |
Құрманғазы ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар ауданішілік тұрақты тасымалдау тарифтері
№ | Маршруттар атауы | 1 жолаушыға тариф (теңге) |
1 | Құрманғазы ауылішілік | 50 |
2 | Құрманғазы ауылы – Шортанбай ауылы | 500 |
3 | Құрманғазы ауылы – Ақкөл ауылы | 200 |
4 | Аққөл ауылы – Қиғаш ауылы | 300 |
5 | Құрманғазы ауылы – Сүйіндік ауылы | 1800 |
6 | Құрманғазы ауылы – Балқұдық ауылы | 1800 |
7 | Құрманғазы ауылы – Алға ауылы | 100 |