"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысын ескере отырып, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Түркістан облысы Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Шұбар ауылдық округінен көлемі 80,0 гектар жер бөліктерінің қосу жолымен Шұбарсу және Шұбар ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулы және шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен қаулы және шешім оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |
Түркістан облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | У. Рахиев |
Түркістан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |
А.Ш. Жетпісбай | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
С.А. Қалқаманов | |
М.И. Мырзалиев | |
А.С. Сабитов | |
Ұ.Қ. Тәжібаев | |
А.А. Абдуллаев | |
А.Б. Тасыбаев | |
А.Б. Тасыбаев |
"Түркістан облысы Ордабасы ауданының Шұбарсу және Шұбар ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы" облыс әкімдігінің 2020 жылғы "__" ___________ №_____ қаулысы мен облыстық мәслихаттың 2020 жылғы "__" __________ №_______ шешіміне.