Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 24.06.2020 № 52/364-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Арыс қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Арыс қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 6/33-VI "Арыс қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2016 жылғы 17 қазанда № 3862 нөмірімен тiркелген және 2016 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. "Арыс қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қалалық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | М. Мырзаев |
Арыс қалалық | |
маслихат хатшысы | А. Байтанаев |
Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 46/318-VІ шешімімен бекітілген |
Арыс қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы
1. Осы Арыс қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік көмек Арыс қаласының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.
1. Жалпы ережелер
3. Осы қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Арыс қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын қаладағы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
11) отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу олардың жеке мұқтаждығына байланысты Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын көздейді;
12) отбасының жиынтық табысы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы.
4. Осы қағиданың мақсаты үшін әлеуметтік көмек ретінде Арыс қаласы әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне ұсынылады:
1) 8 наурызда "Халықаралық әйелдер күні"- көпбалалы аналарға, оның ішінде:
"Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 7 мамыр "Отан қорғаушы күніне" орай:
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне":
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, біржолғы 117,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қорғанысына қатысқан қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, біржолғы 11,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына, немесе сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қалаларда болған адамдарына, біржолғы 11,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және теңiзшi балалар ретiнде болғандарға, біржолғы 11,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарға, біржолғы 11,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қатынас жолдары Халық комиссариаты, Байланыс Халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне, біржолғы 11,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға, біржолғы 11,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, біржолғы 11,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латвия ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдарға, біржолғы 11,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларына, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің басқа да міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқару кезінде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7 және 8 баптарында көрсетілген адамдардың отбасыларына, біржолғы 11,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасыларына, біржолғы 11,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған адамдарға, біржолғы 11,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) біржолғы 11,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 30 тамыз "Конституция күніне" орай 80 жастан асқан қарт адамдарға, мүгедектерге, жалғызілікті зейнеткерлерге біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) жаңа жылдық шыршаға мүгедек балаларға біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) 15 ақпанда (Кеңес әскерлерiнiң Ауғанстан жерiнен шығарылған күнi) – жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге, бiржолғы 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.
8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Түркістан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:
1) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру немесе жұқтырған иммун тапшылығының синдромы ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған адамдардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы және адам иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 есе мөлшерінде;
2) үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларға, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге өмір сүру сапасын жақсартуға әлеуметтік көмек, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, зейнеткерлерге және мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге жолдама алу үшін, біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жол жүру шығындарын өтеу үшін:
ТМД елдеріне, біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
Қазақстан Республикасының аумағында, біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге қол арбамен қамтамасыз етуге:
серуендеуге арналған қоларбаға біржолғы 55,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
бөлмеге арналған қоларбаға біржолғы 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
мүгедек балаларға арналған қоларбаға біржолғы 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
балалардың церебралды салдары ауруы бар мүгедек балаларға арналған қоларбаға біржолғы 55,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жұмысқа қабілетсіз аз қамтамасыз етілген мүгедектерге, біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға ірі қара мал алуға, бiржолғы 92 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
10) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
11) созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан мұқтаж азаматтарға, біржолғы 50 айлық көрсеткіш мөлшерінде.
12) "Қамқорлық" бағдарламасын іске асыру мақсатында:
1. Жергілікті өкілді органдар жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстың болуы негіздеме болып табылады.
2. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшері айына отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды.
Әлеуметтік көмек ай сайын немесе 3 айға бір рет төленеді. Әлеуметтік көмектің біржолғы төлемі комиссиямен келісім бойынша жүргізіледі және тек қана әлеуметтік келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын сатып алуға және т.б), тұрғын үй сатып алуға және жөндеуге, жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін қалалық мәслихат бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Түркістан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірынғай мөлшерде белгіленеді.
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Арыс қаласы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжаты;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларға (одан әрі – Үлгілік қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатын ұсынады.
14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
21. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін қалалық мәслихат белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Арыс қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
24. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.