Арыс қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 46/319-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 9 сәуірде № 5555 болып тiркелдi

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Арыс қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 26/189-VI "Арыс қаласының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2018 жылғы 21 қыркүйекте № 4733 тiркелген және 2018 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. "Арыс қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қалалық мәслихат аппараты интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы М. Мырзаев
      Арыс қалалық маслихат хатшысы А. Байтанаев

  Арыс қалалық
мәслихатының 2020 жылғы
4 наурыздағы № 46/319-VI
шешіміне қосымша

Арыс қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - мамандар) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырады.

      3. Әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау) жылына бір рет беріледі.

      4. Коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету бюджет қаражаты есебінен, алушылардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджеттік заңнамасына сәйкес) 4 АЕК (төрт айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде жүзеге асырады.

      6. Әлеуметтік көмек:

      1) Арыс қаласынан тыс ауылдық жерде тұру;

      2) негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымдарын қоса атқару;

      3) әлеуметтік қолдауға құқығы бар лауазымдар тізіліміне сәйкес келмеу;

      4) ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған кезде, жыл ішінде екінші рет жүгіну жағдайларында көрсетілмейді.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Арыс

Решение Арысского городского маслихата Туркестанской области от 4 марта 2020 года № 46/319-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 9 апреля 2020 года № 5555

      В соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат города Арыс РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Арыс согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Арысского городского маслихата от 19 сентября 2018 года № 26/189-VI "О предоставлении социальной помощи на оплату коммунальных услуг и приобретение топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Арыс" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4733 и 3 октября 2018 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Арыс" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Аппарат маслихата города Арыс после его официального опубликования.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      городского маслихата М. Мырзаев
      Секретарь Арысского
      городского маслихата А. Байтанаев

  Приложение к решению
маслихата города Арыс
от 4 марта 2020 года
№ 46/319-VI

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах города Арыс

      1. Социальная поддержка (далее - социальная поддержка) по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах оказывается за счет бюджетных средств (далее - специалисты).

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Арыс".

      3. Социальная поддержка (далее - социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива) предоставляется один раз в год.

      4. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива оказывается за счет бюджетных средств, в размере (соответствии с действующим бюджетным законодательством Республики Казахстан) 4 МРП (четыре месячных расчетных показателей) специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, без истребования заявлений от получателей.

      5. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом на основании сводных списков утвержденных первыми руководителями государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии.

      6. Социальная помощь не оказывается в случаях:

      1) проживания в сельской местности за пределами города Арыс;

      2) совмещения должностей, получателя социальной поддержки по основному месту работы;

      3) несоответствие реестру должностей, имеющих право на социальную поддержку;

      4) при повторном обращении в течение года, при назначении социальной поддержки в текущем году.