Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 18.02.2021 № 105 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығымен бекітілген "Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларына" сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Алимбетовке жүктелсiн.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Д. Махажанов |
Кентау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 189 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындары квотасы белгіленетін Кентау қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Кентау орталық қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 518 | 1 | 2 |
2 | Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Кентау қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 1228 | 1 | 2 |
3 | Кентау қаласы әкімдігі тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Кентау сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 370 | 1 | 1 |
4 | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Кентау көпсалалы колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын | 149 | 1 | 1 |
5 | "Кентау трансформатор зауыты" акционерлік қоғамы | 1061 | 1 | 1 |
Барлығы | 3326 | 7 |
Кентау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 189 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Кентау қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Кентау қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 1228 | 1 | 2 |
2 | Кентау қаласы әкімдігі тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Кентау сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 370 | 1 | 1 |
3 | Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының "Кентау орталық қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 518 | 1 | 2 |
4 | Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 218 | 1 | 1 |
5 | "Кентау трансформатор зауыты" акционерлік қоғамы | 1061 | 1 | 2 |
6 | Кентау қаласы әкімдігі тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ащысай Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 197 | 1 | 1 |
Барлығы | 3592 | 9 |
Кентау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 189 қаулысына 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2020 жылға жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Кентау қаласы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "№ 7 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын | 140 | 1 | 1 |
2 | Кентау қаласы әкімдігі тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Кентау сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 370 | 1 | 1 |
3 | "Кентау трансформатор зауыты" акционерлік қоғамы | 1061 | 1 | 2 |
4 | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Кентау көпсалалы колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын | 149 | 1 | 1 |
5 | Кентау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 218 | 1 | 1 |
Барлығы | 1938 | 6 |