"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қаласы әкімінің "Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 25 ақпандағы № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5451 тіркелген, 2020 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы "№ 893 сайлау учаскесі" сөздер "№ 899 сайлау учаскесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі қосымшасына өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрілігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б.Алимбетовке жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Д. Махажанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Кентау қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________Б.Садуов
"__"_________2020 жыл