"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 79 "Кентау қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4088 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған, "Кентау шұғыласы" газетінің 2017 жылғы 6 мамырдағы № 18 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Кентау қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қалалық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат сессиясының төрағасы | К. Сырлыбаев |
Мәслихат хатшысы | Т. Балабиев |