"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Түркістан қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Түркістан қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түркістан қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Ж. Сулейменова |
Мәслихат хатшысы | А. Кенжалиев |
Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 қарашадағы № 69/332-VI шешіміне қосымша |
Түркістан қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 19/113-VI "Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4230 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 20 қазандағы "Түркістан" газетінде жарияланған),
2. Түркістан қалалық мәслихатының 2019 жылғы 9 қазандағы № 56/275-VI "Түркістан қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 19/113-VI "Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5218 тіркелген, 2019 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған),
3. Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 62/306-VI "Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5536 тіркелген, 2020 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).