Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 12.06.2020 № 66-412-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің" 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 43-283-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4900 тіркелген, 2019 жылғы 15 ақпанда "Мақтаарал тынысы" газетінде және 2019 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мақтаарал ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындаудың қағидасында:
7 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне ұсынылады:
9 мамыр "Жеңіс күні" мерекесіне орай:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мен мүгедектеріне, біржолғы әлеуметтік көмек 300 000 теңге мөлшерінде:
2) Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлер, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, біржолғы әлеуметтік көмек 60 000 теңге мөлшерінде;
3) 1941 жылғы 22 маусымы мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, біржолғы әлеуметтік көмек 30 000 теңге мөлшерінде;
4) қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына), біржолғы әлеуметтік көмек 30 000 теңге мөлшерінде;
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, біржолғы әлеуметтік көмек 30 000 теңге мөлшерінде.
9-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
3) Адамның имун тапшылығы вирусы инфекциясы бар балаларға 2 есе ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
9 тармақтың 13) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"13) Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яғни ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРО Одағының орденімен және медальдармен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге біржолғы әлеуметтік көмек 30 000 теңге мөлшерінде.";
Мынадай мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:
"24-1. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшері айына отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күн көріс деңгейінің шамасын құрайды.
Әлеуметтік көмек ай сайын немесе 3 айға бір рет төленеді. Әлеуметтік көмектің бір жолғы төлемі комиссия мен келісім бойынша жүргізіледі және тек қана әлеуметтік келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үймалын, құсын сатып алуға және т.б.), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.";
2. "Мақтаарал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Мақтаарал аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақтаарал аудандық | |
мәслихаты сессиясының төрағасы | А. Жолдасов |
Мақтаарал аудандық | |
мәслихатының хатшысы | К. Сарсекбаев |