Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті әкiмiнiң 20.05.2020 № 243 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекция басшысының 2020 жылғы 12 наурыздағы № 02-03/93 ұсынысы негізінде Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Бейбітшілік көшесі № 250 үй тұрғыны М.Бибосыновтың иелігіндегі 2 жасар иттің ми сынамасынан вирусологиялық зерттеу нәтижесінде "құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті, Бейбітшілік көшесі № 250 үйдің ауласына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Мақтаарал ауданының "Мырзакент кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мырзакент кенті әкімі | М. Бейсенбаев |