Отырар ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2020 жылға квоталар белгілеу туралы

Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 137 қаулысы. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 маусымда № 5638 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1-қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.

      5. Отырар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 23 мамырындағы № 187 "Отырар ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5072 тіркелген, 2019 жылғы 15 тамызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      6. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т.Елекеевке жүктелсiн.

      8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан акімі А. Жунисов

  Отырар ауданы әкімдігінің
29 мамырындағы 2020 жылғы
№ 137 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы

қ/с

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Дәуренбек Құрманбек атындағы "№ 20 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

136

1 (0,73)

1

2

Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Отырар жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

29

1 (3,4)

1

 
  Отырар ауданы әкімдігінің
29 мамырындағы 2020 жылғы
№ 137 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы

қ/с

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар-Қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

33

1 (3,0)

1

 
  Отырар ауданы әкімдігінің
29 мамырындағы 2020 жылғы
№ 137 қаулысына 3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2020 жылға квотасы

қ/с

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Отырар ауданы білім бөлімінің" Жамбыл атындағы мектеп лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

165

1 (0,6)

1


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Отрарского района на 2020 год

Постановление акимата Отрарского района Туркестанской области от 29 мая 2020 года № 137. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 2 июня 2020 года № 5638. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 18 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктами 7), 8), 9) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" акимат Отрарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2020 год согласно приложению 1.

      2. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2020 год согласно приложению 2.

      3. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования на 2020 год согласно приложению 3.

      4. При установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лицам состоящих на учете службы пробации согласно приложению 1, и освобожденных из мест лишения свободы согласно приложению 2, строго соблюдать требования пункта 3) раздела 2) статьи 26 Трудового кодекса Республики Казахстан.

      5. Признать утратившим силу постановления акимата Отрарского района от 23 мая 2019 года № 187 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Отрарского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5072, опубликовано в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 15 августа 2019 года).

      6. Государственному учреждению "Аппарат акима Отрарского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Отрарского района после его официального опубликования.

      7. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Т.Елекееву.

      8. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Жунисов

  Приложение 1
к постановлению акимата
Отрарского района
от 29 мая 2020 года № 137

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2020 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (% от списочной численности работников)

Количество рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации

1

Государственное коммунального казенного предприятия "Колледж № 20" имени Дауренбека Курманбека" управления развития человеческого потенциала образования Туркестанской области

136

1 (0,73)

1

2

Государственное коммунальное предприятие "Отырар жылу" на праве хозяйственного ведения акимата Отырарского района

29

1 (3,4)

1

 
  Приложение 2
к постановлению акимата
Отрарского района
от 29 мая 2020 года № 137

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2020 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (% от списочной численности работников)

Количество рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы

1

Государственное коммунальное предприятие "Отырар-Қызмет" акимата Отырарского района

33

1 (3,0)

1

 
  Приложение 3
к постановлению акимата
Отрарского района
от 29 мая 2020 года № 137

Квота рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования на 2020 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты (% от списочной численности работников)

Количество рабочих мест для граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования

1

Коммунальное государственное учреждение "Школа лицей имени Жамбыла" отдела образования Отрарского района

165

1 (0,6)

1