"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Отырар ауданы Көксарай ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксарай ауылдық округіне қарасты елді мекендер көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Көксарай елді мекеніндегі нөмірленген № 1 көшеге-Бейбітшілік атауы;
2) Көксарай елді мекеніндегі нөмірленген № 2 көшеге-Астана атауы;
3) Көксарай елді мекеніндегі нөмірленген № 3 көшеге-Арай атауы;
4) Көксарай елді мекеніндегі нөмірленген № 4 көшеге-Гүлдала атауы;
5) Ызакөл елді мекеніндегі нөмірленген № 5 көшеге-Тәуелсіздік атауы;
6) Шеңгелді елді мекеніндегі нөмірленген № 6 көшеге-Бірлік атауы;
7) Шеңгелді елді мекеніндегі нөмірленген № 7 көшеге-Нұрлы жол атауы;
2. "Көксарай ауыл округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Көксарай ауыл округі әкімінің орынбасары А.М. Темірбековке жүктеймін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көксарай ауыл округінің әкімі | Ә. Мәуленқұл |