Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің 15.12.2020 № 31 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 20 қазандағы № 08-02-03/440 ұсынысына сәйкес және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Жібек-жолы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бруцеллез ауруының ошағы анықталуына байланысты Жібек-жолы ауылдық округі Жібек-жолы ауылындағы "Гүлжәмила" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Сайрам ауданының Жібек-жолы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жібек-жолы ауылдық | |
округінің әкімі | А. Тураров |