Созақ ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы

Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 322 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 30 наурызда № 5531 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 350 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 02.09.2020 № 350 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 тіркелген) сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерi мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Созақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 90 "Созақ ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4154 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 26 шілдеде "Созақ үні" газетінде және 2017 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Созақ аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Жанұзақов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Байғараев

  Созақ аудандық мәслихатының
2020 жылғы 18 наурыздағы
№ 322 шешіміне қосымша

Созақ ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы Созақ ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесiне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесiне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және Созақ ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;

      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      4) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін беретін "Созақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      7) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;

      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      6. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi жиынтық табыстың 20 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      7. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      5) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      6) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      7) банктік шоты;

      8) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      9) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      10) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      11) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Тәртіптің 12 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.

      8. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      9. Осы Ереженің 7-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      10. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      11. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      12. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

3. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау

      14. Уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауында келесі нормалар есепке алынады:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы бір адамға, тұрғын үй заңнамасымен белгіленген, тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) тұратын әр мүшесіне 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде (тұрғын үй-жайда) тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;

      2) электрқуатты, суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты әкету, газды және жылуды тұтыну нормаларын қызмет көрсетушімен немесе тарифті белгілейтін органмен бекітіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынудың шығындары, коммуналдық қызметті тұтынудың белгіленген нормативтерінен артық емес, алдынғы тоқсанға нақты шығындары бойынша есептеуге алынады;

      3) қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсынуы бойынша (түбіртектер, жапсырма, есеп-фактурасы) қатты отынды пайдалану нақты шығындарына, бір айға есеп бойынша, бір тұрғын үйге 1000 килограммнан аспайтын тәртібін ала отырып, әлеуметтік норма шығыны 1 шаршы метрге 1 килограмм қатты отын (көмір) болып белгіленеді.

      4) қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсынуы бойынша (түбіртектер, анықтамалар) нақты шығындарына бір отбасыға (отбасы 4 адам және одан көп) газ балонды пайдалану бір айға 20 килограмм оның ішінде бір адамға баллон газын тұтыну 5 килограммнан артық емес, орталықтандырылған ыстық судың бар немесе жоқ болуына қарамастан белгіленеді.

4. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау

      15. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      16. Коммуналдық қызметтердi тұтынғаны және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға ақы төлеуге, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметіне шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (адамның) жиынтық кірісінің 20 пайызы мөлшерiнде белгіленеді.

      17. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына сәйкес есептеледі.

      18. Азаматтың табысын растайтын құжаттарды тапсырғанда, мүгедектер және бiр айдан астам стационарлық ем қабылдап жатқан тұлғаларды, күндiзгi оқу нысаны бойынша оқитын студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттарды және магистранттарды, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектердi, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды күтiп бағумен айналысатын азаматтардан басқа, жұмыссыз адамдар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiнде уәкiлеттi органынан жұмыссыз ретiнде тiркелуi жөнiндегi құжаттарды тапсырады.

      19. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесi негізінде жүргізіледі.

5. Тұрғын үй көмегiн төлеу

      20. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по Созакскому району

Решение Созакского районного маслихата Туркестанской области от 18 марта 2020 года № 322. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 30 марта 2020 года № 5531. Утратило силу решением Созакского районного маслихата Туркестанской области от 2 сентября 2020 года № 350

      Сноска. Утратило силу решением Созакского районного маслихата Туркестанской области от 02.09.2020 года № 350 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Правилами предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314, Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 и приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно - коммунального хозяйства" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11015), Созакский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи по Созакскому району согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившим силу решение Созакского районного маслихата от 30 июня 2017 года № 90 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по Созакскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4154, опубликовано 26 июля 2017 года в газете "Созак үні" и в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 25 июля 2017 года).

      3. Государственному учреждению "Аппарат Созакского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Созакского районного маслихата после его официального опубликования.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата С. Жанұзақов
      Секретарь районного маслихата Б. Байғараев

  Приложение к решению
Созакского районого
маслихата от 18 марта
2020 года № 322

Размер и порядок оказания жилищной помощи по Созакскому району

      Настоящие размер и порядок оказания жилищной помощи по Созакскому району разработан в соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Правилами предоставления жилищной помощи утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314, Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 и приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" и определяют размер и порядок оказания жилищной помощи по Созакскому району.

1. Общие положения

      1. В размере и порядке оказания жилищной помощи используются основные понятия:

      1) доля предельно-допустимых расходов - отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;

      2) совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;

      3) орган управления объектом кондоминиума - физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;

      4) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Созакского района", предоставляющий жилищную помощь (далее – уполномоченный орган);

      5) расходы на содержание жилого дома (жилого здания) – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и проверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;

      6) малообеспеченные семьи (граждане) – лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи;

      7) некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услуга получателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме.

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности на оплату:

      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;

      4) стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан) принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания), согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также счету на оплату стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного счетчика электрической энергии с классом точности 2,5 находящегося в использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.

      4. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Государственную корпорацию или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      5. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации составляет восемь рабочих дней.

      6. Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 20 процентов от совокупного дохода.

2. Порядок назначения жилищной помощи

      7. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию и/или посредством веб-портала "электронного правительства" с предоставлением следующих документов:

      1) документа, удостоверяющего личность заявителя (оригинал представляется для идентификации личности);

      2) документа, подтверждающего доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;

      3) справки об отсутствии (наличии) недвижимого имущества (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      4) справки о пенсионных отчислениях (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      5) справки с места работы либо справки о регистрации в качестве безработного лица;

      6) сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      7) банковского счета;

      8) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      9) счета на потребление коммунальных услуг;

      10) квитанции-счета за услуги телекоммуникаций или копии договора на оказание услуг связи;

      11) счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается.

      При повторном обращении семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы, за исключением случая, предусмотренного пунктом 12 настоящих Правил.

      8. При приеме документов через Государственную корпорацию услуга получателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      9. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 7 настоящих Правил, работник Государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов.

      10. В случае обращения через веб-портал "электронного правительства", услуга получателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      11. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      12. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством веб-портала "электронного правительства" либо Государственной корпорации.

      13. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

3. Определение нормативов оказания жилищной помощи

      14. При предоставлении жилищной помощи уполномоченным органом учитываются следующие нормы:

      1) норма площади жилища, обеспечиваемая компенсационными мерами, эквивалентна норме предоставления жилища на одного человека, установленной жилищным законодательством и составляет 18 квадратных метров полезной площади жилища на каждого члена семьи, проживающей в многокомнатных квартирах (жилых помещениях), для проживающих в однокомнатных квартирах (жилых помещениях) – общая полезная площадь жилища. Социальная норма площади жилища для одиноко проживающих граждан, проживающих в многокомнатных квартирах (жилых помещениях) - 30 квадратных метров;

      2) нормы потребления электроэнергии, холодной воды, канализации, горячей воды, мусора удаления, газа и теплоснабжения устанавливаются услугодателями или органом, утверждающим нормативы. Расходы, принимаемые к расчету потребления коммунальных услуг, определяются по фактическим затратам за предыдущий квартал, но не более установленных нормативов потребления коммунальных услуг;

      3) потребление твердого топлива по фактическим расходам, с предъявлением счетов поставщиков услуг (квитанции, накладные, счета-фактуры), учет социальной нормы расхода 1 килограмма твердого топлива (угля) на 1 метр квадратный с условием не превышения 1000 килограмм на дом в расчете на один месяц.

      4) норма потребления газа баллонного по фактическим расходам, с предъявлением счетов поставщиков услуг (квитанции, справки) на одну семью (семья из 4-х и более человек) 20 килограммов в месяц, в том числе на одного человека не более 5 килограммов потребления газа баллонного, независимо от наличия или отсутствия центрального горячего водоснабжения.

4. Определение размера назначения жилищной помощи

      15. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.

      16. Доля предельно-допустимых расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, устанавливается к совокупному доходу семьи (гражданина) в размере 20 процентов.

      17. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи определяется в соответствии с приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".

      18. При предоставлении документов, подтверждающих доход гражданина, безработными лицами предоставляются документы подтверждающие их регистрацию в качестве безработных в уполномоченных органах по вопросам занятости, кроме инвалидов и лиц, в период их нахождения на стационарном лечении более одного месяца, учащихся, студентов, слушателей, курсантов и магистрантов очной формы обучения, а также граждан, занятых уходом за инвалидами 1 и 2 группы, детьми инвалидами до 16 лет, лицами старше восьмидесяти лет, детьми в возрасте до семи лет.

      19. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512.

5. Выплата жилищной помощи

      20. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом по заявлению получателя жилищной помощи через банки второго уровня, на лицевые счета получателя жилищной помощи.