Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 31.12.2020 № 41-219-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 10-52- VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4899 тіркелген, 2019 жылдың 22 ақпанындағы "Жаңа Жетісай" газетінде және 2019 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған шешімінде мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жетісай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тізбесін айқындаудың қағидасында:
3 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";
9 тармақтың 3) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"3) адамның иммун тапшылығы вирусы жұқтыру немесе жұқтырылған иммун тапшылығының синдром ауруы медицина қызметкерлерінің кінәсінен болған, олардың өміріне немесе денсаулығына келтірген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына ай сайын 2 есе ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде.";
9 тармақ 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) Өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған азаматтарға жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшері айына отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды. Әлеуметтік көмек ай сайын немесе 3 айға бір рет төленеді.
Әлеуметтік көмектің біржолғы төлемі комиссиямен келісім бойынша жүргізіледі және тек қана әлеуметтік келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын,құсын сатып алуға және т.б), тұрғын үйін жөндеуге, жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.";
9 тармақтың "Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар" мәтінінің 3) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстың болуы.".
2. "Жетісай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Жетісай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Утанов |