"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 4-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 27 бабына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Келес ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң, Келес аудандық бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерiне қызметтiк куәлiктi беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекiту туралы" Келес ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 83 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4935 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 9 сәуірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Келес ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Оразбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келес ауданының әкімі | А. Есбаев |