ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, "Өскемен қаласының құрамдас бөліктеріне атау және қайта атау беру жөнінде ұсыныстарды енгізу туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 30 шілдедегі № 3265 қаулысы және Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/4-VI шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы қорытындысын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 20-шы тұрғын ауданындағы № 8 көшесіне Қайырбек Айжігітов көшесі деген атау берілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі ___________Д. Ахметов |
Сессия төрағасы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы __________В. Головатюк |