ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарына квота осы қаулыға 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгілесін.
2. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Өскемен қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы қаулынының ресми жарияланғанынан кейін Өскемен қаласы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі | Ж. Омар |
Өскемен қаласы әкімінің 2020 жылғы 18 наурызы № 1171 қаулысына 1 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындары квотасының 2020 жылға арналған мөлшері
№№ | Ұйымдар атауы | Қызметкер-лердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (% қызмет-керлердің тізімдік санынан) | Жұмыс орындар саны (адам) |
1 | "Қазақтың мамандандырылған жөндеу-реттеу кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 184 | 1 | 2 |
2 | "Логист" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 170 | 1 | 2 |
3 | "Фирма "НКГ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 187 | 1 | 2 |
4 | "САЭМ-сервис-А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 86 | 1 | 1 |
5 | "Иртышцветметремонт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 325 | 1 | 3 |
6 | "АЭС Усть-Каменогорская ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 142 | 1 | 1 |
7 | "Согра ЖЭО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 241 | 1 | 2 |
8 | "Стоматология" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 72 | 1 | 1 |
9 | "Өскемен" Қонақ үйі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 94 | 1 | 1 |
10 | "Усть-Каменогорская монтажная фирма "Имсталькон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 234 | 1 | 2 |
11 | Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының оңалту орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 156 | 1 | 2 |
12 | "ЛАДА" балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 234 | 1 | 2 |
13 | Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Өскемен қаласының мамандандырылған балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 162 | 1 | 2 |
14 | Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының "Өскемен арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 127 | 1 | 1 |
БАРЛЫҒЫ | 2414 | 1 | 24 |
Өскемен қаласы әкімінің 2020 жылғы 18 наурызы № 1171 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының 2020 жылға арналған мөлшері
№ | Ұйымдар атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (% қызметкерлердің тізімдік санынан ) | Жұмыс орындар саны (бірлік) |
1 | "Өскемен жылу жүйелері" акционерлік қоғамы | 681 | 1 | 7 |
2 | "УльбаКомплекс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 140 | 1 | 1 |
3 | "Иртыштранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 106 | 1 | 1 |
4 | "Катон-Карагайский ПДУ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 162 | 1 | 2 |
5 | "У-Ка кирпич" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 1 | 1 |
6 | "СИЛУМИН-ВОСТОК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 215 | 1 | 2 |
7 | "ӨСКЕМЕНСПЕЦКОММУНТРАНС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 182 | 1 | 2 |
8 | "Альянс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 1 | 1 |
9 | "Комбинат нерудных материалов" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 164 | 1 | 2 |
10 | "Эмиль" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 605 | 1 | 6 |
11 | "Эмиль" Сауда үйі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 155 | 1 | 2 |
12 | "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шығыс-Қазақстан облыстық филиалы | 90 | 1 | 1 |
13 | "МЕГАСТРОЙ ӨСКЕМЕН" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 161 | 1 | 2 |
14 | "Гидросталь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 280 | 1 | 3 |
15 | "Иртышцветметремонт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 325 | 1 | 3 |
16 | "ҚҰНДЫЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 222 | 1 | 2 |
17 | "Вкус Маркет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 155 | 1 | 2 |
18 | "Ұлан-Өскемен ет-консерві зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 96 | 1 | 1 |
19 | "ВЭК-Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 229 | 1 | 2 |
20 | "КОНДИТЕР+" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 260 | 1 | 3 |
21 | "БЕАКРИС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 199 | 1 | 2 |
22 | "Железобетонный комбинат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 364 | 1 | 4 |
23 | "Қазақтың мамандандырылған жөндеу-реттеу кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 184 | 1 | 2 |
24 | "КазтеплоСПЕЦСТРОЙ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 86 | 1 | 1 |
25 | "ПИЦЦА-БЛЮЗ СЕРВИС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 184 | 1 | 2 |
26 | "Дороги Востока" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 85 | 1 | 1 |
27 | "Полиус" Қазақ-Ресей бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 170 | 1 | 2 |
28 | "АльЖан Агро Трейд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 1 | 1 |
БАРЛЫҒЫ | 5710 | 1 | 61 |