Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 54/10-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 6904 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 шілдедегі № 58/5-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 09.07.2020 № 58/5-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрғасы А. Курмангалиев
      Қалалық маслихат хатшысы А. Светаш

  Өскемен қалалық мәслихатының
2020 жылғы 9 сәуірі № 54/10-VI
шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Өскемен қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Өскемен қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органдары мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.

      3. Осы Қағидалар Өскемен қаласының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.

      4. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлемдер түрінде көрсетiледi. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек қаржы жылына бір рет тағайындалады.

      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін қағидалардың негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына шаққандағы орташа табыстың шегін белгілеу тәртібі

      6. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін Өскемен қаласының әкімдігі белгілейді және Өскемен қалалық мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;

      3) Өскемен қалалық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      7. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

      1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;

      3) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;

      4) туғаннан үш жасқа дейінгі бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктері шектелген балалар;

      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген адамдар;

      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшыраған адамдар;

      9) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;

      11) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

      12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян алған адамдар (отбасылар);

      13) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар).

      8. Адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні – 15 ақпан – басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, атап айтқанда:

      бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурыз:

      "Алтын алқа" алқасымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      төрт және төрттен жоғары бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінде, жоғарғы оқу орнында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар, кәмелетке толғаннан кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (жиырма үш жасқа толғанға дейін) – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 33,400 (отыз үш бүтін мыңнан төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш;

      1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға – 33,400 (отыз үш бүтін мыңнан төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына – 33,400 (отыз үш бүтін мыңнан төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына – 23,857 (жиырма үш бүтін мыңнан сегіз жүз елу жеті) айлық есептік көрсеткіш;

      4) Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 Мамыр – мөлшері 66000 (алпыс алты мың) теңгеден аспайтын зейнетақы төлемін алушыларға – 5,726 (бес бүтін мыңнан жеті жүз жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш;

      5) Жеңіс күні – 9 Мамыр:

      Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына – 215,983 (екі жүз он бес бүтін мыңнан тоғыз жүз сексен үш) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдарына, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептеледі қалаларда болған адамдарға – 35,998 (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға - 35,998 (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандарға – 35,998 (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарға - 35,998 (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне – 35,998 (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 35,998 (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 35,998 (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған, қайтадан некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне);қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған, жалпы аурудың, еңбек жарақатының және басқа себептердің (құқыққа қарсы әрекеттерді қоспағанда) нәтижесінде мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне)– 35,998 (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға - 35,998 (отыз бес бүтін мыңнан тоғыз жүз тоқсан сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 4,294 ( төрт бүтін мыңнан екі жүз тоқсан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай еңбек еткен (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 15,299 (он бес бүтін мыңнан екі жүз тоқсан тоғыз) айлық есептік көрсеткіш;

      6) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр - 4,294 (төрт бүтін мыңнан екі жүз тоқсан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      7) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз – 4,771 (төрт бүтін мыңнан жеті жүз бір) айлық есептік көрсеткіш (жергілікті бюджет есебінен);

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Өскемен қаласы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 13 тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.

      Өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.

      Табиғи зiлзаланың салдарынан өмiрлiк қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап алты ай ішінде береді.

      13. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға жібереді.

      16. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      17. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      19. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      20. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      21. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      22. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      23. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру жергілікті бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Өскемен қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Рсепубликасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Өскемен қалалық мәслихатының
2020 жылғы 9 сәуірі № 54/10-VI
шешіміне қосымша

Өскемен қалалық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 30/8-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5641 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 11 маусымда жарияланған) шешімі.

      2. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 8 ақпандағы № 40/7-VІ "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 30/8-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-210 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 1 наурызда жарияланған) шешімі.

      3. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 5 наурыздағы № 41/3-VІ "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 30/8-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5784 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 20 наурызда жарияланған) шешімі.

      4. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 44/2-VІ "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 30/8-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5995 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 11 маусымда жарияланған) шешімі.

      5. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/3-VІ "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 30/8-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6373 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 қарашада жарияланған) шешімі.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

Решение Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 9 апреля 2020 года № 54/10-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 15 апреля 2020 года № 6904. Утратило силу решением Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 9 июля 2020 года № 58/5-VI

      Сноска. Утратило силу решением Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 09.07.2020 № 58/5-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Усть-Каменогорский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Усть-Каменогорского городского маслихата согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Курмангалиев
      Секретарь городского маслихата А. Светаш

  Утверждены решением
Усть-Каменогорского
городского маслихата
от 9 апреля 2020 года № 54/10-VI

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан 1. Общие положения

      1. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила):

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;

      3) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города Усть-Каменогорска по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      4) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Восточно-Казахстанской области;

      5) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      6) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      7) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      8) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Усть-Каменогорска", финансируемое за счет местного бюджета, осуществляющее оказание социальной помощи;

      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города Усть-Каменогорска для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      2. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом города Усть-Каменогорска в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.

      3. Настоящие Правила распространяются на лиц, зарегистрированных на территории города Усть-Каменогорска.

      4. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням оказывается единовременно в виде денежных выплат. При наступлении трудной жизненной ситуации социальная помощь назначается единовременно на финансовый год.

      5. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых акиматом Восточно-Казахстанской области.

2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи, установления размеров социальной помощи и порога среднедушевого дохода

      6. Перечень категорий получателей, предельные размеры социальной помощи, сроки обращения за социальной помощью при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара, устанавливаются акиматом города Усть-Каменогорска и утверждаются решением Усть-Каменогорского городского маслихата.

      При этом основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:

      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара;

      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного Усть-Каменогорским городским маслихатом в кратном отношении к прожиточному минимуму.

      7. Перечень категорий получателей социальной помощи:

      1) дети сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;

      2) безнадзорные несовершеннолетние, в том числе с девиантным поведением;

      3) несовершеннолетние, находящиеся в специальных организациях образования, организациях образования с особым режимом содержания;

      4) дети от рождения до трех лет с ограниченными возможностями раннего психофизического развития;

      5) лица, со стойкими нарушениями функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями;

      6) лица, с ограничением жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих;

      7) лица неспособные к самообслуживанию, в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) инвалидности;

      8) лица, подвергшиеся жестокому обращению, приведшему к социальной дезадаптации и социальной депривации;

      9) бездомные (лица без определенного места жительства);

      10) лица, освобожденные из мест лишения свободы;

      11) лица, находящиеся на учете службы пробации;

      12) лица (семьи), получившие ущерб вследствие стихийного бедствия или пожара;

      13) лица (семьи), со среднедушевым доходом семьи, за квартал, предшествующий кварталу обращения, не превышающим установленного порога.

      8. Установить порог среднедушевого дохода лица (семьи) в размере двухкратной величины прожиточного минимума.

      9. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

      Предельный размер социальной помощи составляет 100 месячных расчетных показателей.

      10. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням предоставляется следующим категориям граждан:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля - участникам боевых действий на территории других государств, а именно:

      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам рядового и начальствующего состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств; военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий; военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшихся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий; военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР; рабочими служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий – 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      военнослужащим, ставшим инвалидами вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, при исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия – 35 (тридцать пять) месячных расчетных показателей;

      2) Международный женский день – 8 Марта:

      многодетным матерям, награжденным подвеской "Алтын Алқа", или получившим ранее звание "Мать-героиня", орденами "Материнская слава" I и II степени – 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      многодетным матерям, награжденным подвеской "Күміс Алқа" – 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, после среднего образования, высших учебных заведениях, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания ими учебных заведений (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) – 5 (пять) месячных расчетных показателей;

      3) Международный день Памяти жертв радиационных аварий и катастроф – 26 апреля:

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавших непосредственно в ядерных испытаниях и учениях – 33,400 (тридцать три целых четыреста тысячных) месячных расчетных показателей;

      участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1988-1989 годах – 33,400 (тридцать три целых четыреста тысячных) месячных расчетных показателей;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения – 33,400 (тридцать три целых четыреста тысячных) месячных расчетных показателей;

      лицам, ставшим инвалидами вследствие катастрофы на Чернобыльской АЭС и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, испытания ядерного оружия, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей – 23,857 (двадцать три целых восемьсот пятьдесят семь тысячных) месячных расчетных показателей:

      4) Праздник единства народа Казахстана – 1 Мая – получателям пенсионных выплат с размером, не превышающим 66000 (шестьдесят шесть тысяч) тенге – 5,726 ( пять целых семьсот двадцать шесть) месячных расчетных показателей;

      5) День Победы – 9 Мая:

      участникам и инвалидам ВОВ –215,983 (двести пятнадцать целых, девятьсот восемьдесят три тысячных) месячных расчетных показателей;

      лицам вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшим штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившимся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии – 35,998 (тридцать пять целых, девятьсот девяносто восемь тысячных) месячных расчетных показателей;

      лицам, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг – 35,998 (тридцать пять целых, девятьсот девяносто восемь тысячных) месячных расчетных показателей;

      лицам, принимавшим участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований – 35,998 (тридцать пять целых, девятьсот девяносто восемь тысячных) месячных расчетных показателей;

      работникам спецформирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, переведенных в период Великой Отечественной войны на положение военнослужащих и выполнявших задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также членов экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой отечественной войны в портах других государств – 35,998 (тридцать пять целых, девятьсот девяносто восемь тысячных) месячных расчетных показателей;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Жителю блокадного Ленинграда" –35,998 (тридцать пять целых, девятьсот девяносто восемь тысячных) месячных расчетных показателей;

      бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны – 35,998 (тридцать пять целых, девятьсот девяносто восемь тысячных) месячных расчетных показателей;

      женам (мужьям) умерших инвалидов Великой Отечественной войны, которые не вступили в другой брак; женам (мужьям) умерших участников Великой Отечественной войны, партизан, подпольщиков, граждан, награжденных медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся инвалидами в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в другой брак –35,998 (тридцать пять целых, девятьсот девяносто восемь тысячных) месячных расчетных показателей;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 35,998 (тридцать пять целых, девятьсот девяносто восемь тысячных) месячных расчетных показателей;

      семьям военнослужащих погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время – 4,294 (четыре целых двести девяносто четыре тысячных) месячных расчетных показателей;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее 6 месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года, и, не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 15,299 (пятнадцать целых двести девяносто девять тысячных) месячных расчетных показателей;

      6) День памяти жертв политических репрессий – 31 мая – лицам, пострадавшим от политических репрессий – 4,294 (четыре целых двести девяносто четыре тысячных) месячных расчетных показателей;

      7) День Конституции Республики Казахстан – 30 августа – лицам, воспитывающим ребенка - инвалида в возрасте до 16 лет – 4,771 (четыре целых семьсот семьдесят одна тысячных) месячных расчетных показателей.

2. Порядок оказания социальной помощи

      11. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням, оказывается по списку, утверждаемому акиматом города Усть-Каменогорска по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      12. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи представляет в уполномоченный орган заявление с перечнем документов, указанных в пункте 13 Типовых Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 (далее – Типовые Правила).

      Лицами (семьями), находящимися в трудной жизненной ситуации, вследствие пожара, заявление подается в течение трех месяцев со дня наступления события.

      Лицами (семьями), находящимися в трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия, заявление подается в течение шести месяцев со дня наступления события.

      13. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.

      14. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).

      15. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым Правилам и направляет их в уполномоченный орган.

      16. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.

      17. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.

      18. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.

      19. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.

      20. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.

      В случаях, указанных в пунктах 16 и 17 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя.

      21. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.

      22. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:

      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;

      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);

      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного порога для оказания социальной помощи.

      23. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных местным бюджетом на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      24. Социальная помощь прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы города Усть-Каменогорска;

      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;

      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.

      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      25. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      26. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".

  Приложение к решению
Усть-Каменогорского
городского маслихата
от 9 апреля 2020 года № 54/10-VI

Перечень утративших силу некоторых решений Усть-Каменогорского городского маслихата

      1. Решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 17 мая 2018 года № 30/8-VI "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5641, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 11 июня 2018 года).

      2. Решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 8 февраля 2019 года № 40/7-VI "О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 17 мая 2018 года № 30/8-VI "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5-1-210, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 1 марта 2019 года).

      3. Решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 5 марта 2019 года № 41/3-VI "О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 17 мая 2018 года № 30/8-VI "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5784, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 20 марта 2019 года).

      4. Решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 31 мая 2019 года № 44/2-VI "О внесении изменений и дополнений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 17 мая 2018 года № 30/8-VI "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5995, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 11 июня 2019 года).

      5. Решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 25 октября 2019 года № 49/3-VI "О внесении изменений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 17 мая 2018 года № 30/8-VI "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6373, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 15 ноября 2019 года).