ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Курчатов қалалық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 44/327-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4462 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 21 сәуірде "Мой край" газетінің № 16 санында, 2016 жылғы 20 сәуірде "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Қайрат |
Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Қарымбаева |