ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Курчатов қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 210 "Курчатов қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 7 ақпандағы 6725 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде және 2020 жылғы 13 ақпанда "7 дней" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізінде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Курчатов қаласы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н. Т. Кошкарбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қаласының әкімі | А. Глазинский |
Курчатов қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қыркүйегі № 362 қаулысы қосымша |
Курчатов қаласы бойынша 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ р/р | Ұйымның атауы | Барлығы | Тәрбиеленушілер саны (адам) | Айына бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс көлемі, теңге | Ата-ананың төлемақы мөлшері, айына теңге | ||
оның ішінде | оның ішінде | ||||||
толық күн болумен | толық емес күн болумен | толық күн болумен | толық емес күн болумен | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Курчатов қаласының "Күншуақ" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 145 | 145 | 0 | 33020 | 0 |
3 жасқа дейін 10500 |
2 | "Ақ-бөбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 60 | 0 | 33020 | 0 |
3 жасқа дейін 10500 |
3 | Курчатов қаласы әкімдігінің "Журавушка" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 290 | 290 | 0 | 33020 | 0 |
3 жасқа дейін 10500 |
4 | "Курчатов қаласының № 2 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталық | 50 | 25 | 30531 |
3 жасқа дейін 10500 | ||
25 | 19450 | 3 жасқа дейін 5250 | |||||
5 | "Курчатов қаласының № 3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы шағын орталық | 75 | 25 | 30531 |
3 жасқа дейін 10500 | ||
50 | 19450 | 3 жасқа дейін 5250 |