Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 25.12.2020 № 50/3-VI шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2020-2022 жылдарға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 38/2-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу Тізілімінде № 6491 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 15 қаңтарда электронды түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 мамырдағы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандарға, бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылары мен тарифтiк мөлшерлемелері ескерілсін.
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандардың тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.".
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы | А. Афанасьев |
Қалалық мәслихат хатшысы | И. Панченко |