ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5, 9 тармақтарына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 11,733 (он бір бүтін мыңнан жеті жүз отыз үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетілсін.
2. Әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі айқындалсын:
1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізімдерінің негізінде уәкілетті орган – "Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;
2) әлеуметтік қолдау Риддер қаласы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін мамандарға көрсетіледі;
3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімшелері және екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі.
4) осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 01 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Сессия төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы |
И. Панченко |
2020 жылғы 20 қазаны № 48/3-VI Шешіміне қосымша |
Риддер қалалық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1. Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 25/8-VI "Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-181 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
2. Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 35/9-VI "Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 25/8-VI "Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6189 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
3. Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 38/10-VI "Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 25/8-VI "Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6490 болып тіркелген, 2020 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
4. Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 04 маусымдағы № 43/4-VI "Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 25/8-VI "Риддер қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімінің қолданысын тоқтату тұру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7196 болып тіркелген, 2020 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).