Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімінің 24.01.2020 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Абай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 18 қаңтардағы № 1 негізінде, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Қарауыл, Көкбай, Тоқтамыс, Медеу ауылдық округтерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Абай ауданы әкімінің орынбасары Т. Есімжанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Байсабыров |