Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 12.10.2023 № 7/93-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңның 50-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аягөз аудандық мәслихатының 2020 жылғы 04 қыркүйектегі № 52/440-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7531 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылдың 15 қыркүйегінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі";
6-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;";
12 және 13 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кенттік, ауылдық округтің әкіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысымен бекітлген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар ) 13-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қоса беріп отырып, өтініш ұсынады.
13. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"14. Өмірде киын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кенттік, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Кусагов |
Аягөз аудандық мәслихат хатшысы | К. Досиханов |