Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 72 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 6817 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қарашадағы № 288 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 10.11.2023 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабы 1 - тармағының 14-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 - бабының 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 - бабының 6) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. "Бородулиха ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурызда № 80 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 27 наурызда № 5805 тіркелген, 2019 жылғы 3 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Селихановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бородулиха ауданының әкімі О. Булавкина

  Бородулиха ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 18 наурыздағы
№ 72 қаулысына қосымша

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Ұйым жұмыскерлерінің тізімдік саны

Жұмыс орындары квотасының мөлщері (%)

елуден жүз адамға дейін

2

жүз бірден екі жүз елу адамға дейін

3

екі жүз елу бірден жоғары

4


Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 18 марта 2020 года № 72. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 27 марта 2020 года № 6817. Утратило силу постановлением акимата Бородулихинского района области Абай от 10 ноября 2023 года № 288

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Бородулихинского района области Абай от 10.11.2023 № 288 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", подпунктом 6) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат Бородулихинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для инвалидов в размере от двух до четырех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившими силу постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 26 марта 2019 года № 80 "Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Бородулихинскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 27 марта 2019 года за № 5805, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде от 3 апреля 2019 года).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Бородулихинского района;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Бородулихинского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Селиханова Е.Ж.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Бородулихинского района О. Булавкина

  Приложение
к постановлению акимата
Бородулихинского района
от 18 марта 2020 года № 72

Размер квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов

Списочная численность работников организаций

Размер квоты рабочих мест (%)

от пятидесяти до ста человек

2

от ста одного до двухсот пятидесяти человек

3

свыше двухсот пятидесяти одного человека

4