ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 41-6-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4473 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 13 сәуірде, "Пульс района", "Аудан тынысы" аудандық газеттерінде 2016 жылғы 15 сәуірде жарияланған) шешімі;
2) "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 41-6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 47-8-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6879 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 16 сәуірде, "Пульс района", "Аудан тынысы" аудандық газеттерінде 2020 жылғы 24 сәуірде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Ежова |
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Майжанов |