ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 – бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 45/4-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4450 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);
Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 37/7-VІ "Глубокое аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 45/4-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6478 болып тіркелген, 2020 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
2. Осы шешім 2020 жылдың 8 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия торағасы | Е. Леонтьева |
Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |