ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Суықбұлақ кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 17 маусымдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жарма ауданы Суықбұлақ кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жарма ауданы Суықбұлақ кентіндегі келесі көшелері:
"Заводская" көшесін – "Бауыржан Момышұлы" көшесі;
"Центральная" көшесін – "Әзілхан Нұршайықов" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Суықбұлақ кентінің әкімі | А. Юсупов |