Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 21.09.2020 № 61-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 30-3 "Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек көрсету" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-168 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 27 қазанында аудандық "Достық" газетінде және 2018 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын.
"1. Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек жылына бір рет 2020 жылы 11.733 айлық есептік көрсеткіш (31104 теңге) мөлшерде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Тлеужанов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д. Ыдырышев |