Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 02.03.2021 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 791 ұсынысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚAБЫЛДAДЫ:
1. Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты «Бек-Aли» шаруа қожалығының мүйізді ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. «Қарабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.