Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімінің 26.10.2020 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 22 шілдедегі № 483 ұсынысы негізінде Біржан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Біржан ауылдық округіне қарасты "Шеген" учаскесінің мүйізді ірі-қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Біржан ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
Біржан ауылдық округінің әкімі | С. Хамитов |