ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 520 ұсынысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Малеевка ауылдық округінің әкіміШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара мал арасында қарасан ауруының ошағын жою бойынша ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты, Алтай ауданының Малеевка ауылдық округінің Быково ауылындағы "Погуляйка" жайылымының аумағында белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Алтай ауданы Малеевка ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 08 қыркүйектегі № 2 "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Малеевка ауылдық округінің Быково ауылындағы "Погуляйка" жайылымының аумағында карантин іс-шараларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7508 нөмірімен тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Малеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Алтай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалтырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | В. Кузнецов |