ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданы Никольск ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Никольск ауылының Независимости көшесі бойындағы № 54 үйден бастап Достық көшесінің басына дейін, одан әрі Школьная көшесінің қиылысына дейін орналасқан телефон кәрізін орналастыру және пайдалану үшін "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына алаңы 0,0175 га жер телімдерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоюсыз 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін 10 (он) жыл мерзімге жер телімдерін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. "Алтай ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қазақтелеком" акционерлік қоғамымен сервитут шарт жасасын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Никольск ауылдық округінің әкімі | К. Танатов |