ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/64-VI "Катонқарағай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беру қағидасы мен оның сипаттамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4866 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 05 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Джумагулова |
Мәслихат хатшысы | Д. Бралинов |