ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 529 - бабының 6 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, 37 - бабының 1, 2 - тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Катонқарағай ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Сыдыковаға жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай ауданының әкімі | Р. Курмамбаев |
"КЕЛІСІЛДІ":
"Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің
мемлекеттік кірістер Комитеті Шығыс Қазақстан
облысы бойынша мемлекеттік кірістер
Департаментінің Катонқарағай ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы ________________ К. Божанаков
2020 жылғы "___" _________
Катонқарағай ауданының әкімдігі 2020 жылғы 27 қарашасы № 335 қаулысына қосымша |
Катонқарағай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімдігінің 22.11.2021 № 330 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | Үлкен Нарын ауылы | 1,85 |
2 | Свинчатка ауылы | 1,4 |
3 | Көктерек ауылы | 1,15 |
4 | Көкбастау ауылы | 1,1 |
5 | Жұлдыз ауылы | 1,35 |
6 | Балғын ауылы | 1,35 |
7 | Новохайрузовка ауылы | 1,45 |
8 | Құндызды ауылы | 0,75 |
9 | Алыбай ауылы | 1,0 |
10 | Приморское ауылы | 1,6 |
11 | Солоновка ауылы | 1,3 |
12 | Малонарымка ауылы | 1,45 |
13 | Новополяковка ауылы | 1,2 |
14 | Бесүй ауылы | 1,0 |
15 | Сенное ауылы | 1,2 |
16 | Қаражал ауылы | 0,8 |
17 | Алтынбел ауылы | 1,45 |
18 | Майемер ауылы | 1,35 |
19 | Егінді ауылы | 1,0 |
20 | Үштөбе ауылы | 1,25 |
21 | Белқарағай ауылы | 1,85 |
22 | Топқайың ауылы | 1,85 |
23 | Согорное ауылы | 1,4 |
24 | Өрнек ауылы | 1,5 |
25 | Барлық ауылы | 1,75 |
26 | Коробиха ауылы | 1,75 |
27 | Үшбұлақ ауылы | 1,75 |
28 | Ақсу ауылы | 1,75 |
29 | Ақшарбақ ауылы | 1,3 |
30 | Бекалқа ауылы | 1,3 |
31 | Жазаба ауылы | 1,75 |
32 | Катонқарағай ауылы | 1,95 |
33 | Қабырға ауылы | 1,75 |
34 | Жаңа Үлгі ауылы | 1,75 |
35 | Мойылды ауылы | 1,35 |
36 | Шыңғыстай ауылы | 1,75 |
37 | Аққайнар ауылы | 1,75 |
38 | Қызылжұлдыз ауылы | 1,75 |
39 | Қайыңды ауылы | 1,75 |
40 | Ақмарал ауылы | 1,65 |
41 | Жамбыл ауылы | 1,75 |
42 | Берел ауылы | 1,75 |
43 | Шұбарағаш ауылы | 1,35 |
44 | Рахман Қайнары ауылы | 1,5 |
45 | Еңбек ауылы | 1,75 |
46 | Аршаты ауылы | 1,7 |
47 | Өрел ауылы | 1,75 |
48 | Солдатово ауылы | 1,45 |