ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 36/317-VІ "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6878 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
2) Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 04 желтоқсандағы № 45/398-VI "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 36/317-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7962 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Агажаева |
Мәслихат хатшысы | Д. Бралинов |