ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 - бабы 4) тармақшасына, Алтынбел ауылдық округі халқының пікірін және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 03-18/805 қорытындысын ескере отырып, Алтынбел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылдық округі Алтынбел ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
1) "Береговая" көшесі "Бастау" көшесіне;
2) "Березовая" көшесі "Қайыңды" көшесіне;
3) "Коммуна" көшесі "Нарын" көшесіне;
4) "Строительная" көшесі "Теректі" көшесіне.
2. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылдық округінің Майемер ауылының келесі көшесі қайта аталсын:
1) "Молодежная" көшесі "Бейсенбі Кәрібаев" көшесіне.
3. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылдық округінің Егінді ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
1) "Центральная" көшесі "Василий Спирин" көшесіне;
2) "Школьная" көшесі "Мектеп" көшесіне;
3) "Молодежная" көшесі "Жастар" көшесіне.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Катонқарағай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Катонқарағай ауданының әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Алтынбел ауылдық округінің әкiмi | С. Мусабаев |