Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің 09.12.2020 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 751 ұсынысы негізінде, Қалғұты ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округіне қарасты Егіндібұлақ ауылындағы ірі қара мал арасында сарып ауруы шығыуына байланысты шектеу іс-шаралары еңгізілсін.
2. "Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жүргізу өз қарамағыма қалтырылсын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
ШҚО Күршім ауданының Қалғұты ауылдық округінің әкімі |
Е. Мухтарханов |