Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 15.01.2021 № 10 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес,азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. "Көкпекті ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жаслан Талгатович Майкеневке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | С. Садвакасов |
КЕЛІСІЛДІ: Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы ___________ Т. Сарманов "___" __________ 2020 жыл |
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "20" қазаны № 346 қаулысына 1 қосымша |
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мен басшының орынбасары, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі және күндіз келу бөлімінің меңгерушісі.
2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтар дәрігерлері, емдеу-дене шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, диеталық мейіргер, фельдшер, кітапханашы, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, медициналық бике, психолог, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметші, жұмыспен қамту орталығының ассистенті.
3. Педагогикалық қызметшілер және соларға теңестірілген тұлғалар, оның ішінде: барлық мамандықтар мұғалімдері, мұғалім-дефектолог, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы, әдіскер, музыкалық жетекші, педагог - психолог.
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "20" қазаны № 346 қаулысына 2 қосымша |
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Көкпекті ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, орталық, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, лагерь бастығы, оның ішінде: кітапхана, интернат, шеберхана, өндіріс, кабинет, оқу - өндірістік пункт, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандық мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, аға шебер, шебер, аға тәлімгер, оқытушы, концертмейстер, әдістемеші, көркем жетекші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік педагог, педагог–ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог–психолог, логопед-мұғалімі, дефектолог мұғалімі, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы оқытушысы.
3. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: кітапханашы, медбике, тәлімгер, хореограф, нұсқаушы, әдіскер, жаттықтырушы.
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "20" қазаны № 346 қаулысына 3 қосымша |
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Мәдениет саласы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорынның басшылары.
2. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: клуб меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, мәдени шараны ұйымдастырушылар, көркемдік жетекшілер, әртістер, бишілер (хореограф), музыкалық оператор, кітапханашылар, клуб жөніндегі маман, экскурсия жетекшісі, музыканттар, қоюшы-режиссер, үйірме жетекшісі.
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "20" қазаны № 346 қаулысына 4 қосымша |
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Көкпекті ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесiнiң азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Спорт саласы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорынның басшылары.
2. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы, спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы, спорт жаттықтырушысы, дене шынықтыру және спорт бойынша нұсқаушы, нұсқаушы-спортшы.