ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылдың 11 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Көкпекті ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Көкпекті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкпекті ауданының Көкпекті ауылы көшелерінің атауы:
1) Береговая көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
2) Строителей көшесі Нұр-Сұлтан көшесіне;
3) Садовая көшесі Қалихан Алтынбаев көшесіне;
4) Горная көшесі Бармақ Батыр көшесіне;
5) Южная көшесі Құдайберген Нұрғалиев көшесіне;
6) Лермонтова көшесі Отыншы Әлжанов көшесіне;
7) Весенняя көшесі Хамит Тоқтамышев көшесіне;
8) Суворова көшесі Кегенбай Би көшесіне;
9) Чапаева көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
10) Астана көшесі Ұлы дала елі көшесіне.
2. Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданының "Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің аудан аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің орынбасары Серик Дуйсембаевич Байсенгировқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | К. Алгазинов |