ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысының негізінде және Үлкенбөкен ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылының келесі көшелерінің атаулары:
1) Тельмана көшесі Қабанбай батыр көшесі;
2) Заречная көшесі Касым Кайсенов көшесі;
3) Базарная площадь көшесі Кенесары көшесі;
4) Степная көшесі Төле би көшесі;
5) Базарная көшесі Бейбітшілік көшесі;
6) Гоголя көшесі Қазбек би көшесі;
7) Ключевая көшесі Шоқан Уалиханов көшесі;
8) Почтовая көшесі Қали Жолжақсынов көшесі;
9) Беловых көшесі Әлихан Бөкейхан көшесі болып өзгертілсін.
2. Көкпекті ауданының "Үлкенбөкен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етеді:
1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Н. Назарханов |